Куньминде ШЫҰ Аллеясы мен Мәдениет орталығы ашылады

КУНЬМИН. ҚазАқпарат - Куньмин қаласының билігі Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Аллеясы мен Мәдениет орталығын ашуға ниетті, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов пен Қытайдағы Қазақстан елшісі Шахрат Нұрышев және Тәжікстан (Парвиз Давлатзода), Өзбекстан (Данияр Құрбанов) дипломатиялық өкілдік басшыларымен өткен кездесуде Юньнань провинциясы Куньмин қалалық партия комитетінің хатшысы Чэнь Ляньюань осындай мәлімдеме жасады.

Қытайдағы ҚР елшісі Шахрат Нұрышев өз сөзінде Куньмин қаласының басшылығына алғыс білдірді.

«ШЫҰ-ға Қазақстан төрағалық еткен жылы Куньмин қаласында алғаш рет ШЫҰ марафонының өтетіні біз үшін үлкен ғанибет. Біздің астанамыз мен Юньнань провинциясы арасының шалғайлығына қарамастан, марафоннан кейін мәдени-гуманитарлық, экономикалық және спорттық байланысымыз нығая түсеріне сенімдімін», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Юньнань оңтүстік-батыс провинциясы Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азиямен шектеседі, сондықтан Қытайдың дәл осы провинциясымен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның бұл аймақ нарығына шығу мүмкіндіктерін жоғарылатады. 

Сондай-ақ, кеше ШЫҰ марафонын өткізу күні мен уақыты белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар