Күн райына байланысты Астана мен Павлодар облыстарында жол жабылды

жол жабылды
Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM — Сағат 00:00–дегі ақпар бойынша,  ауа райының күрт өзгеруіне байланысты «Астана — Ерейментау — Шидерті» автомобиль жолының 16-200 шақырымында Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы учаскесі көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы QazAvtoJol-дың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ақмола облысында ауа райының күрт өзгеріне байланысты Астана-Ерейментау-Шидерті автомобиль жолының 200-254 шақырымында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Тіпті бүгін түнде Астанаға қар түсті. 

қар
Фото: Tengrinews

27 ақпанда Жамбыл облысының Жуалы ауданына қар түсіп, күтпеген жағдай болғанын жазған болатынбыз. 

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК 1-2 мамыр күндерінің Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялағанын хабарлаған едік. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауатыны болжанған еді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді.

Соңғы жаңалықтар