Күн сайын 30 мың адам электрондық порталдың қызметін пайдаланады - Көлік және коммуникация вице-министрі С. Сәрсенов

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - 1 миллион 145 мыңнан астам электрондық сандық қолтаңбалар берілді.
None
None

 Бұл туралы бүгін Астанада «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау кезінде ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.

«Қазақстанда электрондық үкімет қалыптасты деп айтуға болады, яғни жоба жүзеге асырылды»,-деп тоқталған вице-министр: «азаматтарға 13 миллионнан астам электрондық анықтамалар жасалды. Сонымен қатар 1 миллион 145 мыңнан астам электрондық сандық қолтаңбалар берілді»,-деді.

Оның сөзіне қарағанда, күн сайын 25-тен 30 мыңға дейін азамат электрондық порталдың қызметін пайдаланады.

Соңғы жаңалықтар