Күн сайын жарты миллионнан астам адам дәрігердің көмегіне жүгінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күн сайын жарты миллионнан астам адам дәрігердің көмегіне жүгінеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне арналған баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оның айтуынша, еліміздің барлық медицина қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында биыл кезең-кезеңімен 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізілген.

«Кейінгі он жылда елдегі өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жетті. Ана өлімі 10 жылда 3,2 есе азайды. Сәби өлімі 2016 жылы туған 1000 балаға 8,6 құрады. Жүрек-қантамыры ауруларымен науқастану мен өлімі төмендеді. 2015 жылмен салыстырғанда қатерлі ісік ауруларымен науқастану мен өлімі азайды. Он жылда жарақат пен ұланудан өлім екі есеге төмендеді. 22 инфекциялық ауруларымен науқастану да азайды. Бұл сандар медицина қызметкерлерінің ерен еңбегінің айғағы», - деді ол.

Вице-министрдің дерегінше, күн сайын жарты миллионнан астам қазақстандық дәрігерлерге жүгініп, 8 мыңға жуық пациент стационарларда емделеді. Күнделікті 1100-ден астам әйел ана аталады, тәулігіне хирургтар 2 мың 200-ден астам пациентке операциялар жасайды, күн сайын жедел жәрдем 20 мың 700 реттен астам науқастардың шақыруларына барады.

«Мемлекеттік бағдарламаның 2016 жылғы алдын ала қорытындылары күтілетін өмір сүру ұзақтығы, халық денсаулығының индексі, халықтың медициналық көмектің сапасына қанағаттанушылық деңгейі сияқты негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің жақсарғанын көрсетеді. Бұл медицина қызметкерлерінің адал еңбегінің нәтижесі», - деді Алексей Цой.

Соңғы жаңалықтар