Күн тәртібінде ? аймақтарда тиімді әрі жоғары табысты инфрақұрылымдар құру

АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада «Аймақтағы көлік құралдары» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None
Шараны ұйымдастырғандар - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен «Зерде» холдингі және «Казсатнет» ҰК» АҚ.Кеңеске ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҰҚК, ТЖМ, Қаржы, Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ облыстық әкімдік аппаратының басшылары қатысты. Жиынды өткізудегі мақсат - ақпарат және қауіпсіздіктің қорғалуын қамтамасыз етудің бірыңғай саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік огандарға қызмет көрсете алатын тиімді әрі жоғары табысты инфрақұрылым құру туралы мәселені шешу.«Дөңгелек үстел» барысында оған қатысушылар қазіргі күнгі түйткілді мәселелерді, аймақтарда бірыңғай көлік құралдарын жетілдіруді дамыту және оның келешегі тақырыбын талқылады.
Соңғы жаңалықтар