Күн жоғары белсенділіктің жаңа кезеңіне енді - НАСА
АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - НАСА мамандары Күннің қазір жоғары белсенділіктің жаңа кезеңіне кіргендігі туралы алғашқы мәліметтерді алып отыр. Бұл туралы британдық «Скай Ньюс» телеарнасы хабарлады. Жүргізілген бақылаулар алдағы 5 жылдың қатты ыстық болатынын көрсетіп отыр,
делінеді жаңалықтарда.
Ғалымдар соңғы бірнеше жыл бойы күннің бетінде дәстүрлі циклдық күшею үрдісі орын алмағанына таңданып келген еді. Дәстүрлі цикл 11 жылға созылады, осы аралықта әдетте Күннің белсенділігі күшейіп, кейіннен біртіндеп төмендейді. Белсенділіктің абсолюттік рекорды 1998 жылға келген болатын, сол жылы әлемнің түкпір-түкпірінде бұрын болмаған қатты ыстық болған еді.
Бірақ соңғы бірнеше жылда күтілген жаңа цикл басталмаған. НАСА ғалымдарының мәліметтері бойынша, тек қазір ғана күн белсенділік кезеңіне кіріп келеді. Ғалымдардың айтуынша, алдағы бес жылда күн қатты ысиды.