Күн жүйесінен тыс ең кішкентай ғаламшар табылды
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - NASA ғалымдары Күн жүйесінен тыс ең кішкентай ғаламшарды тапқандарын жария етті, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясының Орыс қызметі.
Kepler-10b деген атау берілген ғаламшар Аждаһа шоқжұлдызынында, Жерден 564 жарық/жыл қашықтықта орналасқан. Ғаламшардың радиусы Жердің радиусынан 1,42 есеге үлкен.
Kepler-10b ғаламшарының орбитасы өз жұлдызына жақын орналасқан, сондықтан да ондағы температура Цельсий бойынша 1,5 мың градусқа жетеді.