«Құнанбай» фильмі 3 желтоқсанда прокатқа шығады

«Дарынды қазақстандық кинорежиссер, театр және кино актері, продюсер, Қазақстанның халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» тарихи көркем фильмі прокатқа шығады»,- делінген хабарламада.
Д. Жолжақсынов «Даладағы қуғын» (1979), «Алтын күз» (1980), «Көшпенділер» (2010) және т.б. фильмдер бойынша белгілі. Оның режиссер ретіндегі алғашқы еңбегі - «Бiржан сал» фильмі болды. Оны қазақстандықтармен қатар шетелдік көрермен жоғары бағалады.
Фильм Құнанбай Өскенбайұлының өмірімен бірге XIX ғасырдағы елдің тыныс-тіршілігімен таныстырады. Көркем фильм сценарийін Досхан Жолжақсынов пен жазушы Таласбек Әсемқұлов жазды.
Фильм Құнанбайдың туған жерінде, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл кентінде және Алматы облысында түсірілген.