13:12, 05 Мамыр 2013 | GMT +5
Кунар провинциясында жүздеген тұрғын Пәкістан туын өртеп жіберді
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Ауғанстанның Кунар провинциясында жүздеген тұрғын Пәкістанға қарсы ереуілге шықты.

Шерушілер бұл елдің үкіметіне қарсы ұрандатып, туын өртеп жіберді. Соңғы кездері ауған елі мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кетті. Бұған себеп - қос ел арасындағы шекара дауы. Аймақта қарулы қақтығыстар жиілеп, салдарынан қаза тапқандар саны күн санап өсуде. Жуырда Ауғанстанда болған лаңкестік әрекеттен жеті әскер қаза тапты. Жалпы осы аптаның ішінде Ауған жеріндегі жанжалдан АҚШ-тың 19 сарбазы мерт болды, деп хабарлайды 24.kz.