Күнбағыс тұқымдарының залалданған партиясын әкелу әрекетінің жолы кесілді - АШМ
АСТАНА. KAZINFORM - Ақмола облысы Ақкөл ауданының аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторы карантиндік өнімнің залалданған күйде әкеліну фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Тексеру барысында Ресей Федерациясынан (Краснодар өлкесі, Краснодар қаласы) аудан аумағына 0,019 тонна көлемінде күнбағыс тұқымдары әкелінгені және олардың карантиндік объект — күнбағыс фомопсисімен залалданғаны анықталды.
Аталған карантиндік өнімнің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар одан әрі қарау үшін сотқа жолданды.
Осыған дейін Қазақстанда 6 мыңнан астам ауыл сумен қамтылғаны туралы жаздық.