Күнде қуатты жарқыл тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — Күнде 6 қазанға қараған түні қуаттылығы бойынша М класына жататын жарқыл тіркелді, деп хабарлайды ТАСС.
Қолданбалы геофизика институтының мәліметінше, мұндай қуаттағы Күн жарқылы соңғы рет 5 қыркүйекте тіркелген.
— 5 қазанда Мәскеу уақытымен сағат 21:48–де рентген сәулесі диапазонында 4545 (N19E10) дақтар тобында 30 минутқа созылған M1.1 жарқылы тіркелді, — делінген хабарламада.
Күн жарқылдары рентген сәулесінің қуатына қарай A, B, C, M және X деген бес класқа бөлінеді. Ең төменгісі — A0.0 класы. Ол Жер орбитасындағы шаршы метрге 10 нановатт сәуле қуатына сәйкес келеді. Келесі әріпке өткен сайын сәуле қуаты 10 есе артады.
Күн жарқылдары кезінде плазма лақтырылуы мүмкін. Оның бұлттары Жерге жеткен жағдайда магниттік дауылдарға себеп болады.
Бұған дейін Күнде тамыз айындағы ең қуатты жарқыл тіркелгені туралы жазған болатынбыз.