Kundelik.kz шетелдің арнайы қызметтеріне қазақстандық оқушылардың мәліметін беріп отыр ма

жаслан мәдиев
Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Парламент палаталары бірлескен отырысының алдында Kundelik.kz ресурсының қауіпсіздік деңгейі туралы пікір білдірді.

«Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Kundelik.kz ресурсы Қазақстанның ақпарат қауіпсіздігіне қауіп төндіріп тұрғанын, Ресейдің арнайы қызметтері ол жерден біздің мәліметтерді алып отырғанын айтты. Расында сондай қауіп бар ма?», — деп сұрады журналист.

Министр аталған ресурстың ақпарат қауіпсіздігі жөніндегі тестілеуден өткен, өтпегенін білмейтінін айтты. 

«Жоқ, ақпарат қауіпсіздік жағынан бүкіл стандарттар, нормалар бар. Заң бойынша өту керек, қазір мынау Kundelik.kz ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі тестілеуден өтті ме, жоқ па, мәлімет жоқ. Мен сізге мәлімет берейін. Оны біз өткізбейміз. Мемлекеттік техникалық қызмет компаниясы бар. Соның бәрін анықтап, кейін толық мәлімет берейін», — деді Жаслан Мәдиев.

Соңғы жаңалықтар