Құнды қағаздардың халықаралық нарығын реттеу туралы келісім өз өзектілігін жоғалтты - ҚР Президенті Жарлығына түсініктеме

АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат «1993 жылғы қаңтардың 22-індегі Құнды қағаздардың халықаралық нарығын реттеу туралы келісімге Қазақстан Республикасының қатыспау ниеті туралы» ҚР Президентінің Жарлығына түсініктеме мәтінін жариялайды.

Құнды қағаздардың халықаралық нарығын реттеу туралы келісім өз өзектілігін жоғалтты - ҚР Президенті Жарлығына түсініктеме

2010 жылғы маусымның 16-сында ҚР Президенті «1993 жылғы қаңтардың 22-індегіҚұнды қағаздардың халықаралық нарығын реттеу туралы келісімге Қазақстанның қатыспау ниеті туралы» №1000 қаулыға қол қойды.

Аталмыш қаулы Құнды қағаздардың халықаралық нарығын реттеу туралы келісімнен (ары қарай - келісім) шығу мақсатында әзірленді. Келісімге 1993 жылғы қаңтардың 22-сінде Минскіде ТМД-ға қатысушы 10 мемлекеттің келісімімен қол қойылған болатын және қазіргі уақытқа дейін Келісім тараптары болып отырған ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекет ішіндегі процедураларының аяқталмағанына байланысты өз күшіне енбеген. Ресей Федерациясы ТМД атқарушы комитетін келісімге қатыспау ниеті туралы хабардар етті, Украина да мемлекет ішіндегі процедуралардың орындалуынан тартыну ниеті туралы мәлімдеген.

Аталмыш келісім жасалған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қаржы нарығының функциялану шартының өзгеру салдарынан бүгінгі таңда өзектілігін жоғалтып отыр.

ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі.