«Кунг-фу панда-3» не себепті үш айға кешігіп шығатыны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - DreamWorks Animation студиясы «Кунг-фу панда-3» мультфильмінің премьерасын 2015 жылдың 23 желтоқсанынан 2016 жылдың 18 наурызына жылжытты, деп хабарлады Collider.
None
None

Бұл 2015 жылдың 18 желтоқсанында «Жұлдызды соғыс» («Звездные войны») киносының жетінші эпизодының премьерасымен байланысты.

Енді «Кунг-фу панда-3» прокатта «Жұлдызды соғыс» («Звездные войны») картинасымен емес, «Дивергент» екі бөлімді кинофраншизасының біріншісімен бәсекеге түспек.

«Кунг-фу панда-1» мультфильмі прокатқа 2008 жылы шыққан. Үздік мультфильм ретінде «Оскар» номинациясына қатысты және «Энни» анимациялық сыйлығына ие болды.

Соңғы жаңалықтар