«Кунг-фу Панда» экранға үшінші рет шықпақ

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Сан-Диегодағы Comic-Con көрмесінде DreamWorks Animation студиясы «Кунг-фу Панда» мультфильмінің үшінші бөлімі бойынша жұмысын ресми түрде басталды деп жариялады.

«Кунг-фу Панда» экранға үшінші рет шықпақ

Бұл жайында Kinonews.ru порталы Variety басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Сәйкес мәлімдемені компанияның шығармашылық департаментінің басшысы Билл Домашке мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, аталмыш мультфильм 2008 жылы жарық көрген болатын. Бюджеті 130 млн. долларды құрайтын аталмыш жоба әлемдік прокатта 631 млн. доллар жинады.

2011 жылы шыққан мультфильмнің жалғасы 665 млн. доллар жинап, әлдеқайда табысты болды. Басты кейіпкерлерді Анджелина Джоли, Сет Роген, Джек Блэк, Дастин Хоффман, Люси Лью, Джеки Чан сынды атақты әртістер дыбыстаған.

. BNews.kz