Құны 1 млрд теңге — Жетісуда жасанды кедергілері бар 6 тендер тоқтатылды

АСТАНА. KAZINFORM - Талдықорған қаласының прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды, деп хабарлайды Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Мемлекеттік қызметтерді алуда бюрократия фактілері әлі де бар – Мемқызмет агенттігі
Фото: gov.kz

Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан.

Тағы бір жағдайда, құны 500 миллион теңгеден асатын қала көшелерін ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулық актілерді ұсынбаған.

Прокуратура шараларымен заң бұзушылықтардың дер кезінде алдын алып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуын қамтамасыз етті.

Соңғы жаңалықтар