Күні жетпей туған нәрестенің мәйіті қоқыс жәшігінен табылды

АЛМАТЫ. 19 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда қоқыс жәшіктерінің бірінен күні жетпей туған сәбидің мәйіті табылды.

Күні жетпей туған нәрестенің мәйіті қоқыс жәшігінен табылды

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

6-7 айлық қыздың денесі мәйітханаға жеткізілді. Алматының Алмалы ІІБ қызметкерлері табылған нәресте анасының тұлғасын анықтауға кірісті. Олар пәтерлерді, емханаларды және әйелдер консультацияларын аралауда.

Аталмыш оқиға бойынша процессуалды шешім сот-медициналық сараптаманың қорытындысы шығарылғаннан кейін қабылданады.