Күніне жеті жеміс жеген адам қатерлі ісік дерті қаупін төмендетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания ғалымдары жүргізген зерттеулер нәтижесінде жемістерді тамаққа жиі қолданудың шипасы мол екені анықталды.
Ғалымдардың пікірінше, күнделікті тамақтануда жемістің жеті түрі онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін төмендетеді. Он екі жылға созылған зерттеу кезінде ғалымдар денсаулығы мықты адамдардың тамаққа қосатын өнімдерін егжей-тегжейлі зерттеген.
Мамандардың хабарлауынша, 30-дан 65 жас аралығында жемістерді аз да болса, тұрақты түрде азық ететін адамдардың денсаулығы айтарлықтай жақсарады.
Осы орайда олар егде жасқа жеткенде өзін жақсы сезінгісі келетін адамдар күнделікті банан, алма секілді жемістерді тұтынуы керектігін алға тартуда.
Өйткені, қажетті дәрумендерге бай осы жемістер жүректің және өзге де маңызды ағза мүшелерінің жұмысына оңтайлы әсер етеді, деп жазады Росбалт.