Күннің бетінде үлкен жарылыс болды
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Ресейлік астрономдар сирек болатын аспан құбылысын тіркеді - ұзаққа созылған тыныштықтан кейін оянған Күн ғарышқа
үлкен протуберанец (Күннің бетінен көтерілетін зат) жіберді. Ғалымдар Күн бетінде орын алған осынау құбылыс алдағы күндері төңіректегі бірнеше ғаламшардағы ғарыштық ауа-райын анықтайтын болады, деп хабарлайды РТР-Вести.Ru басылымы.
Мұндай жарылыстар Күннің бетінде бірнеше ондаған жылда бір рет орын алып тұрады. Бірақ бұл жолы Күн, он бір жылдық циклдың басталғанына қарамастан, кенеттен оянып отыр.
Жексенбіге қараған түні Күннің бетінде қуатта жарылыс болды. Содан кейін оның солтүстік жағында биіктігі 1 миллион шақырымға жуық протуберанец байқалды. Бірнеше ондаған миллиард тонна қызған плазма ғарыш кеңістігіне ұшып кетті.
«Мұндай протуберанецтер - температурасы 6-8 мың градусқа жететін салқын иондалған плазма бұлттары. Олар ұзақ уақыт бойы Күннің атмосферасында жүре береді. Егер тепе-теңдік бұзылса, олар ашық кеңістікке ұшып шығады», дейді Астрономия ғылымдары институтының жетекші ғылыми қызметкері Владимир Слемзин.
Плазмалар үлкен жылдамдықпен - 1000 шақырым/секунд ұшады. Және Күн мен Жердің арасын бөліп тұрған 1500 миллион шақырымды олар екі тәулікте еңсере алады.