Күннің бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
24-25 ақпанда Абай облысында қар жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с. 24-26 ақпан аралығында ауа температурасы түнде 0-3 жылыдан 15-20, облыстың шығысында 25 аязға дейін, күндіз 2-7 жылыдан 8-13, облыстың шығысында 16 аязға дейін күрт төмендейді.
25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. 24-26 ақпан аралығында ауа температурасы түнде 0-3 жылыдан 15-20, облыстың шығысында 25 аязға дейін, күндіз 4-9 жылыдан 8-13, облыстың шығысында 16 аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Астана қаласында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел қарқыны - 15-20 м/с.
24 ақпан түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
24 ақпан түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.
24 ақпанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні - 15-20 м/с, күндіз - 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында - 23-28 м/с.
24 ақпанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қөқтайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде желдің күші - 15-20 м/с.
24 ақпанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында - 25 м/с.
24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде - 23-28 м/с.
24 ақпанда Жамбыл облысыныңбатысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні - 15-20, 25 м/с.
24 ақпан таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында желдің күші - 15-20 м/с.
Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, 24 ақпан таңертең және күндіз, 25 ақпан түнде және таңертең жел екпіні 15-20 м/с жетеді.