Күннің күрт ысуына орай Шымкентте ЖЭО температураны төмендеткен

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Жылу беретіндер ЖЭО-дан шығатын температураны төмендетуге тура келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Күннің күрт ысуына орай Шымкентте ЖЭО температураны төмендеткен

Шымкент әкімі орынбасарының деректері бойынша ЖЭО-дан шығатын температура 60 градусты, ал кейбір жеке тұрған қазандықтарда 50 градусты құрайды. Қазіргі уақытта қала толығымен жылу жүйесіне қосылған. Тек қана 17 үй екі авариялық учаскеде орналасқандықтан жылусыз қалып отыр. Үзілістер 8 және 11-шағынаудандардағы жылу құбырларында болды.

Естеріңізге салайық, Шымкенттегі ЖЭО жұмысын 10 күнге кешіктіріп бастады.  Бұл жылу энергиясы орталығының милиондаған қарыздарымен байланысты болды. Кәсіпорын «ҚазТРАНСгаз Аймақ» АҚ-ға газ үшін 1 млрд 600 млн теңге қарыз болды. 700 млн теңгені жылу энергиясы орталығы қазан айының басында төледі. Қалған соманы ЖЭО 2017 жылғы сәуірге дейін өтейтін болады. Қарызы үшін ЖЭО тоқтап тұрды. Әдетте жүйелерді 1 қазаннан бастап толтыратын, ал бұл жылы 10 күнге кешіктірілді. Қалалық әкімдіктің деректері бойынша, ЖЭО абоненттер үшін  қарызданды. Сонымен қатар тұрғындар жылу үшін өткен жылғы 90 млн теңгені төлемеген, көзделмеген шығындар тағы бар.  Бұларға суды ағызу, орталықтандырылған жылудан өз бетімен ажырайтын абоненттер жатқызылады.