Күннің күрт жылынуына байланысты 5 өңірде қардың жылдам еруі күтілуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа температурасының көтерілуіне және жауын-шашынның болуына байланысты 6 наурызда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды ​​облыстарында қардың қарқынды еруі болжанып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Күннің күрт жылынуына байланысты 5 өңірде қардың жылдам еруі күтілуде

6-8 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күннің жылынуына және қатты аралас жауын-шашынға байланысты қардың жылдам еруі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.