Құны 10 миллион рубль тұратын тондарды ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петерборда «Марина Морозова» ішіктер салоны тоналды. Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі хабарлағандай, ұрылар ол жерден жалпы құны 10,5 миллион рубль болатын тондарды қолды еткен.

Құны  10 миллион рубль тұратын тондарды ұрлап кетті

Полиция өкілінің мәліметінше, оқиға бейсенбі күні, 30 қазанда таңертең болған. «Бетперде киген төрт ұры Санкт-Петербордағы Петроград ауданы Зверинская көшесі бойындағы 12 үйдегі "Марина Морозова" салонының терезесін сындырған. Бұл жерден олар 10,5 миллион рубльдің тондарын ұрлаған», - деп атап өтті ол.

Дүкен дабылқаққышпен жабдықталса да, ұрылар ізін суытып үлгерді. Бұл салонды баукеспелер алты минут ішінде тонап үлгерген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.