Құны 10 млн. рубльден асатын алтын бұйымдар салынған сөмке ұрланды

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстігінде белгісіздер жүргізушіден ақша және құнды заттар салынған сөмкені тартып әкетті.

Құны 10 млн. рубльден асатын алтын бұйымдар салынған сөмке ұрланды

Оқиға «Кантемировская» метросының стансасы аумағында, Пролетар даңғылындағы үйдің маңында болған.

 РФ ІІМ Мәскеу қаласындағы Бас басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, күндіз бетперде киіп алған белгісіз төрт адам «Форд Фокус» көлігінің шынысын тапаншамен сындырып, оның жүргізушісін ұрып-соғып, көліктің ішінен ақша және алтын бұйымдар салынған сөмкені алып кетті. Бұдан кейін қылмыскерлер қара түсті «Мазда» көлігіне мініп, оқиға орнынан іздерін суытты.

 Бейресми мәліметтер бойынша, шамамен 10 млн. рубль ұрланды. Алтын бұйымдарын ұрлап әкеткендер қайда кеткені және көліктің иесі кім болғаны әзірше белгісіз.