Құны 20 доллардан аспайтын Android-смартфондар сатылымға шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Процессорлары смартфондардың басым бөлігінде пайдаланылатын ARM компаниясының өкілдерінің мәліметінше, жақын арада құны 20 доллардан аспайтын құрылғылар сатылымға шығарылады.
Бір ядролық процессордан тұратын бұл Android-смартфондар 2.5G желісінде қолдалады, Cortex A5 чипімен жарақталған. Бағасы қарапайым телефонмен теңдес құрылғы көпшіліктің көңілінен шығады, деп күтілуде.
Сондай-ақ ARM мен Gartner болжауынша, 2015 жылы смартфондар сатылымы 1,5 миллиард данадан асып жығылуы тиіс, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 2,5 млрд. дейін жетпек.