Құны 580 мың теңгенің жанар май сатып алуға арналған жалған талондарын өткізбек болған қарағандылық екі азамат ұсталды
Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігі Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуаныш Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметтеріне қарағанда, аталмыш мерзімде іздеуде жүрген 49 қылмыскер қолға түскен. Сондай-ақ есірткімен байланысты 119 қылмыстың беті ашылып, 40 келіден астам есірткі тәркіленген. Бұған қоса есірткі саудалағаны үшін іздеуде жүрген 32 адам қолға түскен. «Көкшетау стансысында Шу қаласының тұрғыны ұсталып, одан 10 келі марихуана тәркіленді. Ал Ақмола облысы Ақкөл ауылы тұрғынының көлігінен 16 келі марихуана, Қызлорда облысы тұрғынының көлігінен 50 килә марихуана алынды», деді департамент бастығы.
Сондай-ақ қарағандылық тәртіп сақшылары құны 580 мың теңге тұратын АЙ-95 жанар майын алуға арналған жалған талондар сатып жүрген екі азаматты ұстады.