«Құрақ көрпе» стиліндегі эко-шырша Нұржол желекжолының сәнін келтірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмешіт көшесінің қасындағы Нұржол желекжолында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және АҚШ тұрғындарымен толықтай байланысқан эко-шырша пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрақ көрпе» стиліндегі эко-шырша Нұржол желекжолының сәнін келтірді

Жасыл түсті эко-шырша толығымен қолмен тоқылған. Оны құруға 300-ге жуық адам қатысты, олар соңғы бірнеше күнде мастер-класста тоқуды үйренді.

Айтпақшы, жобаны халықаралық деп атауға болады.

Қазақстандықтардан бөлек оған Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және тіпті АҚШ тұрғындары да қатысты.

Тоқылған сұлулықтың биіктігі логотиппен бірге 7 метр. Ол 170 мыңға жуықт ілмектерден тұрады.

Шыршаны тоқушылар оның өзіне және ойыншықтар жасау үшін 400-ден астам иірілген жіптерді қолданды.

Эко-шыршаның авторы және идеялық шабыттандырушысы әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мукушева және Bergen әлеуметтік шеберханасы болып табылады.

Жобаны Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және елорданың мәдениет басқармасы жанындағы креативті индустрияларды дамыту орталығы қолдады.