Құрамында химиялық заттар көп: Coca-Cola Еуропадағы өнімдерін кері қайтарады

АСТАНА. KAZINFORM – Coca-Cola Еуропаның кейбір елдеріндегі сусындарын кері қайтарып алатынын мәлімдеді. Олардың құрамында хлорат химиялық затының көп екені анықталды, деп хабарлайды ВВС

В Шымкенте запущена производственная линия Coca-Cola
Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Компания өз өнімдерін Бельгия, Люксембург және Нидерландтағы сөрелерден қайтарып алатынын хабарлады. Нақтыланғандай, бұл топтаманың бес атауы өткен жылдың соңында Ұлыбританияға жеткізілген және олардың барлығы сатылып кеткен.

Хлорат хлор негізіндегі дезинфекциялық заттарды суды тазартуда және тамақ өнеркәсібінде қолданғанда түзілуі мүмкін.

- Тәуелсіз сараптамалық талдау тұтынушылар үшін тәуекелдің өте аз екенін көрсетті, - деп атап өтті компания өкілі.

Coca-Cola-ның хабарлауынша, компания Ұлыбритания тұтынушыларынан ешқандай шағым алмаған және ел билігімен бұл мәселе бойынша ынтымақтастығын жалғастырады.

Хлораттың жоғары деңгейінің әсері денсаулыққа кері әсер етуі және әсіресе балалар мен сәбилерде қалқанша безі проблемаларына әкелуі мүмкін.

Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) диетологы Карон Гразетт соңғы зерттеулерге сілтеме жасай отырып хлорат мөлшері жоғары тағамдарды пайдалану жүрек айнуы, құсу, диареяға әкеліп, қанның оттегін сіңіру қабілетін төмендетуі мүмкін екенін баяндады.

Осыған дейін Carlsberg Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа жобаны жүзеге асырғалы отырғанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар