Құрамында қанты бар сусындарға акцизді өсіру жыл соңына дейін шешіледі

құрамында қанты бар сусын
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Құрамында қанты көп сусындарға акциз құнын көтеру мәселесіне қатысты шешім жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін. Аталған жаңашылдыққа қатысты Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пікір білдірді. 

«Жақында Салық кодексін әзірлеу аясында жиналыс өтті, аталған мәселені Денсаулық сақтау министрлігімен егжей-тегжейлі талқыладық. Министрліктің мәліметінше, құрамында қант көп энергетикалық және газдалған сусындар қоғамда алаңдатушылық туғызып отыр. Сонымен қоса ведомствоның мәліметінше, елімізде қант диабетімен ауыратын науқастардың саны күрт өсуде», - деді Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Миинстрдің пікірінше, қантты көп мөлшерде тұтыну айтарлықтай проблема. 

«Иә, мәселе өзекті, бірақ, кез-келген фискалдық инновация оны егжей-тегжейлі қарастыруды қажет етеді. Әлбетте, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бір банктен акциз алғысы келетін сомалар, сандар айтылды. Біз бұл тақырыптарды әлі де талқылаймыз, қарастырамыз, оның экономикаға қалай әсер ететінін қарастырамыз. Мәселені екінші жағынан алып қарасақ, қанты көп түрлі сусындарды өндірушілер бар, шынымды айтсам, бизнес бұл акцизді төлегісі келмейді. Менің ойымша, қант акцизіне қатысты сұраққа биыл жауап беруіміз керек», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар