Құрамында никотині бар вейп сұйықтарын сатқан елорда тұрғыны сотталды

АСТАНА. KAZINFORM – Сот үкімімен қала тұрғыны Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігімен заңсыз кәсіпкерлік үшін 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту арқылы, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Бұл туралы ҚР Прокуратурасы мәлім етті.

Құрамында никотині бар вейп сұйықтарын сатқан елорда тұрғыны сотталды
Фото: pixabay.com

— Кінәлі тұлға құрамында никотині бар сұйықтықты өндіру бойынша цех ұйымдастырып, заңсыз өндірілген өнімдерді вейп сатумен айналысатын әртүрлі дүкендерге жалпы сомасы 64,4 млн теңгеге өткізген, — делінген хабарламада.

Елорда прокуратурасы кінәлі тұлғадан мемлекет кірісіне заңсыз жолмен алынған кірістің барлық сомасын өндіру туралы азаматтық арыз келтіруге бастамашылық етті. Сот шешімімен қала прокурорының талап арызы қанағаттандырылып, сотталушыдан заңсыз жолмен алынған табыс сомасы толығымен өндірілді. Сот актісі заңды күшіне енді. 

Бұған дейін хабарлагғандай, Атырауда дүкен қоймасынан 40 млн теңгенің 3 мыңға жуық вейп өнімі тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар