Құран аудармасын жою туралы жөнсіз шешімге қарсылық

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Новороссиск қаласының Октябрь аудандық сотының қасиетті Құранның орыс тіліне Эльмира Құлиев аударған нұсқасына тыйым салу жөніндегі шешіміне наразы Ресей Мүфтилер кеңесінің төрғасы, шейх Рабил Ғайнұтдин ел президенті Владимир Путинге хат жолдады.

Құран аудармасын жою туралы жөнсіз шешімге қарсылық

Хат иесі Октябрь аудандық сотының қыркүйек айының 17-і күні шығарған шешімін дінаралық араздыққа бастайтын арандату әрекеті деп бағалады. Аталмыш сот Эльмира Құлиев аударған қасиетті Құран нұсқасын жоюға пәрмен берген көрінеді.

Muslim.kz сайтының жазуынша, ол президентке жолдаған хатында қасиетті Құранды өртеген америкалық пастордың ессіз әрекетінің жаппай наразылық тудырғанын еске салып өтті.

Шейх Октябрь аудандық сотының біліксіздігі мен Ресей Федерациясының Краснодар өлкесіндегі Әділет министрлігінің немқұрайдылығына күйініп, хатының соңында істі қайта қарауды, барлық заңдық талаптардың сақталуын және ислам сарапшыларын қатыстыруды талап етті.