Құран мәтіндерін 15 жыл бойы қолымен көшірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегі пәкістандық Лондон тұрғыны қасиетті Құран мәтіндерін каллиграфиялық көшіруге он бес жыл уақытын сарп еткен екен.
None
None

Қасиетті Құран мәтінін көшірумен айналысқан мұсылман әйел осылайша жаратқанға бір табан жақындай түсуді ниет еткен. Фарханда Перваиз Лондонға 1992 жылы келген екен. Бірнеше жылдан кейін жұбайы қайтыс болып, үш баламен қалады.

Өмірден торыққан сәттерінде ол қасиетті Құранды оқып қана қоймай, өз қолымен көшіруге кіріседі. Қазір ол аяқталған еңбегін өзінің бөлмесінде сақтауда. Қолжазбаның салмағы 20 келіге жуық, деп жазады ummet.kz.

Соңғы жаңалықтар