Құран мұғжизасы: Лапылдаған өрт бірде-бір парағына тимеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенегал мемлекетіндегі автобус терминалы дүкенінде шыққан өрт ғимаратты түп-түгел күлге айналдырды, деп хабарлады www.muslim.kz.

Құран мұғжизасы: Лапылдаған өрт бірде-бір парағына тимеген

Алайда, оқиға орнына келіп кеткен өрт сөндірушілер шалқасынан түсе жаздаған. Дүкен ішінде, тіпті, парақтарын өрт шалмаған қасиетті Құран кәрімді көрген олардың таңданыстарында шек болмады.

Алла сөзі - қасиетті Құран Кәрім кітабының лапылдаған өрт арасынан аман-сау шыққан оқиғасы жалғыз бұл емес. Бұндай таңдай қақтырарлық тамашалар бұған дейін бірнешt мәрте орын алған болатын. Былтырғы жылы БАӘ-нің Аджман қаласында өртеніп кеткен үй ішінен еш зиянға ұшырамаған Құран Кәрім табылған еді. Ал, 2012 жылы Индонезияда көмір зауытының түгі қалмай жанып кеткен болатын. Оқиға орнынан адамдар тағы да Құран кәрім тауып алған еді.