Құран үкіміне құлақ асайық - ханзада Уэльский

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Лондонда өткен Бүкіл әлемдік ислами экономикалық форумда ханзада Уэльский Чарльз ислам қаржы жүйесі мен оның маңызы жайлы баяндама жасады.
None
None

Ол өз сөзінде ислам қаржы жүйесінің өзегіндегі рухани құндылықтарды жоғары бағалайтынын әрі осы күнгі баламалы жүйені алмастыра алатынын жеткізді, деп жазады muslim.kz.

«Мені ислам қаржысының нақты экономикаға баса мән беретіні әрі әдеп пен моральдық құндылықтардан ауытқымайтыны қуантады. Біз және бізден кейінгі ұрпақ, байлар мен кедейлер, қаржылық ұйымдар мен қоғам арасында әділ бөлуді жүзеге асыра алатын қаржылық әрі бизнес үлгісі болуы мүмкін бе? Мені қызықтыратыны - сол»,- деді ол қызына сөйлеп.

«Егер бүгінгі экономиканы кеңінен жайлаған өсімге қарсы Құран үкіміне құлақ асатын болсақ, Жердің табиғи капиталын тауысу арқылы келер ұрпаққа қалдырған қарызымыз өсімқорлық пен тыйым салынған әрекет болып табылар еді»,- деді ол ашығын айтып.

«Сол себепті де, Ислам дінінің ережесіне сәйкес жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпорындар әділдіктің орнауына, кәсіпкерлік қызмет пен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізетін әдепті тәсілді қалыптастыруға көмектесер еді», - деді ол сөзінің соңында.

Соңғы жаңалықтар