Құрандағы саяси терминдердің энциклопедиясы жасалды

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Жапониядағы Койо университетінің бұрынғы профессоры, асыл дініміздің тарихынан талай кітап жазған Тосихико Исудза қасиетті Құрандағы саяси терминдердің энциклопедиясын жарыққа шығарды. Ол бұл еңбегінде қасиетті Құранда айтылған саяси терминдер мен тіркестерді тарқатып түсіндіріп берген.

Құрандағы саяси терминдердің энциклопедиясы жасалды

Қасиетті Құранның көптеген аятында әлеуметтік мәселелер жан-жақты сөз болып, оның маңызы кеңінен баяндалатыны белгілі. Автор асыл дініміздің осы қырына жете мән беріп, қасиетті кітаптың жасампаздығына былайғы жұрттың назарын аудара білген. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.