Құранды қорлағаны үшін бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Бельгиялық Брюгге қаласының соты Құранды елдің көзінше жыртқан азаматты 4 айға бас бостандығынан айырып, абақтыға жапты.
None
None

Бұл оқиға өткен жылы маусым айының 8-і күні Остенде қаласында болған, деп хабарлайды Baq.kz RTL телеарнасына сілтеме жасап.

Шеруге қатысқан 28 жастағы Арне есімді ер адам дәмханаға кіріп, сол жерде отырған бірнеше мұсылманмен сөзге келіп қалған. Ашуға ерік берген ол отырғандардың көзінше Құран кітабының парша-паршасын шығарған.
Ол мұндай қадамға баруына мұсылмандарды кінәлап отыр. Нақтырақ айтқанда, олар Құранды бұған қарай лақтырған. Сот оның бұл сөзіне сенген жоқ. Сот айыпкерді абақтыға жауып қана қоймай, оған 600 еуро мөлшерінде айыппұл салды.
Бір қызығы, ол бұрын да осындай әрекетімен көзге түсіп, тоғайға от қойған екен. Сол қылмысы үшін ол шартты түрде 18 ай абақтығы жабылып, жазаға кесілген.

Соңғы жаңалықтар