Құранды өртеген НАТО-ның 7 жауынгері жазаланбақ
АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Әскери тергеу жұмыстары Ауғанстан базасында Құран көшірмелерін өртеген жеті жауынгерге қарсы тәртіптік шаралар қолдануды ұсынды,
деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
«Русская служба ВВС» мәлім еткендей, болған оқиға жайлы мәлімет Пентагонға жетіп, қазіргі таңда қаралып жатыр. Бұл туралы АҚШ-тың Қарулы күштерінің өкілдері жасырын түрде хабар берді.
Айта кетейік, ақпан айындағы Құран көшірмелерінің өртелуі Ауғанстандағы жаппай тәртіпсіздікке әкеп соғып, НАТО әскерлеріне қарсы шабуылдарды үдетті