Құранды өртеген пастор Терри Джонсты шекарашылар Канадаға кіргізген жоқ

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Канадалық шекарашылар бейсенбі күні өз аумағына Құранды өртеу акцияларын өткізген американдық пастор Терри Джонсты өз аумағына жібермеді.
None
None

Ол Онтарио штатындағы Виндзор шекара бекетінде тоқтатылды және оның көлігі мұқият тексерілді. Джонспен өткізілген ұзақ әңгімелесуден кейін шекарашылар оған Канадаға кіруге рұқсат бермеді. Канададағы Азаматтық және көші-қон министрлігінің өкілдері шекарашылардың өз өкілеттерінің аясында әрекет жасағанын растады.

Флоридалық Грейсвилл қаласының пасторы мұсылмандардың қасиетті кітабын жұрт алдында талай рет өртеген. 2011 жылдың наурызында оның Құранға жасаған «жұрт алдындағы соты» Ауғанстанда исламның радикалды жақтаушыларының жаппай бой көтерулеріне себеп болды. Онда 100-ден астам адам қаза тапты, соның ішінде БҰҰ-ның миссиясының Мазари-Шарифтегі 8 қызметкері болды.

2012 жылғы сәуірдің аяғында Джонс кезекті рет өзінің қаласында Құранның бірнеше данасын отқа салды.

 Американдық «Атлантик» журналының мәліметтерінше, пастор АҚШ-та Мұхаммед Пайғамбар туралы түсірілген «Мұсылмандардың күнәсіздігі» фильмі продюсерлерінің бірі болды.

Соңғы жаңалықтар