Кураштан Арайлым Шегенова Азиаданың қола жүлдесін еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында кураштан белдесулер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
87 келіден жоғары салмақтағы Арайлым Шегенова жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Минйонг Кимнен белдесіп, 0:1 есебімен жол берді.
Айта кетейік, бұған дейін кураштан еліміздің атынан Әділет Ахметғали да қола жүлдеге иелік еткен еді.