Құрбан айт ізгілік пен мейірімділік мерекесі - «Нұр-Мүбәрәк» Мысыр Ислам мәдениеті университетінің магистранты

АЛМАТЫ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Құрбан айт мейрамы кезінде  біз біріншіден, Ибраһим ә.с. сүннетін еске түсіреміз. Екіншіден, Алла-Тағалаға құрбандық шалу арқылы шүкіршілік ететін боламыз,
None
None

  дейді «Нұр-Мүбәрәк» Мысыр Ислам мәдениеті университетінің магистранты,   медресе ұстазы Қуат Қабдолла.

Пайғамбар ә.с. Құрбан айт күндерінде Алла-Тағалаға ең жақсы амал болып есептелінетін іс - құрбандық шалу. Өйткені, сол шалған құрбандықтың әрбір тал қылшығынан сауап аласың деген екен. Құранда да -  «Сендердің шалған құрбандықтарыңның еті немесе қаны Алла-Тағалаға жетпейді, тек ниеттерің ғана жетеді. Сендер оны ішіңдер, жеңдер содан кейін кедей-кепшікке де беріңдер», делінген.

«Құрбандық шалу мұсылман жандарға, ауқатты адамдарға міндет болып есептелінеді. Кедей адамға құрбандық шалу міндет емес, бірақ шалып жатса, таратуды қажет етпейді. Құрбандық шалған соң бір бөлігін өзіне, екінші бөлігін туған- туысқандарына, үшінші жартысын жоқ-жітікке беру керек, сонда ғана сауап болып есептелінеді. Қойыңызды сойғызып жатқан адамға терісін немесе еттің осыншасы сенікі деп айтуға болмайды, қасапшыға бөлек еңбек беруіңіз керек. Етті, теріні оның еңбегіне кіргізбеген жөн.  Сондай-ақ құрбандық шалған кезде оны басқаларға тапсырмай, оның  басы-қасында болу керек. Пайғамбарымыз құрбандықтың  қаны аққан кезде сенің де күнәң төгіледі деген»,  дейді Қуат Қабдолла. Оның айтуынша,  бұл  адамға  психологиялық жағынан да пайдалы құрбандық шалып жатқан уақытта адамдар қарап тұрса, агрессия, кек, реніш сияқты нәрселерден жеңілдеп қалатынын ғалымдар да дәлелдеді.  Адам баласы жалпы қайырымдылық жасау арқылы, бойындағы сараңдық сипатын жояды. Оның бойында  жомарттық, жанашырлық сезімі пайда бола бастайды. 

Соңғы жаңалықтар