Құрбан айт қарсаңында Қарағандыда мал сою орындарына тегін автобус қатынайды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 31 тамыз күні Құрбан айт мерекесі қарсаңында тұрғындардың құрбандыққа шалатын малдарын сою орнына жеткізу арнайы тегін автобустар жүреді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Құрбан айт қарсаңында Қарағандыда мал сою орындарына тегін автобус қатынайды

Облыстық орталық мешіт пен қалалық №1 мешітінен Республика даңғылы, 72/1 мекенжайында орналасқан мал сою орнына дейін екі автобус барады. Бұл автобустарда жүру тегін. Қарағанды облысы дін істері жөніндегі басқарманың бас маманы Қайсар Ақпаровтың мәліметінше, мал сою орны - бұрынғы «Тұлпар» ЖШС автобазары маңында.

«Алаңда бір уақытта бірнеше адамның бір-біріне еш кедергісіз құрбандық шалуына жағдай жасалған. Аумағы шамамен 30 гектар жерді қамтиды. Мал сою орны ветеринарлық және санитарлық талаптарға толықтай сай - орталықтандырылған су және санитарлық тораптармен жабдықталған», - деді Қайсар Ақпаров.