Құрбан айт күндері Қазақстанның Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалығын абыроймен атқарғанын мақтанышпен айта аламыз - Қайрат Лама Шариф

АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Қазақстанның барлық мұсылмандарын Ислам дініндегі басты мейрам - Құрбан айтымен құттықтады,

Құрбан айт күндері Қазақстанның Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалығын  абыроймен атқарғанын мақтанышпен айта аламыз - Қайрат Лама Шариф

 деп хабарлады аталмыш агенттіктің баспасөз қызметі.

 "Қасиетті Құран кәрім кітабында «қандай жақсылық жасасаң да, алдымен ата-анаңа, туған-туысқандарыңа, жетім мен мүсәпірлерге және жолаушыларға жаса! Алла тағала барлық игі істеріңді біледі», - делінген. Осы мерекеде айтқан дұға-тілектеріңіз, сауапты істеріңіз қабыл болсын.

Нұрлы мейрам қарсаңында кең байтақ Қазақстан жерінде 2228 мешіт қайта тіркеуден өтті. Мешіттердің саны жағынан Қазақстан көрші бауырлас елдер арасында көш бастауда. Біздің деректер бойынша, Өзбекстанда 2050 мешіт, Әзірбайжанда 1700 мешіт, Қырғызстанда 2200 мешіт, Түркменстанда 400 мешіт бар.

Сонымен қатар әлемнің 1,5 миллиардтан астам мұсылмандары тойлап жатқан Құрбан айт күндері Қазақстан дүниежүзінде Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейін екінші орын алатын Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалығын да абыроймен атқарғанын мақтанышпен айта аламыз, делінген құттықтауда.