Құрбан айт күндері құрбандыққа шалынатын малдарды сою арнайы белгіленген орындарда жүргізіледі - Астана қаласының әкімдігі
АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі, мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт мерекесіндегі діни рәсімді орындау (құрбандық шалу) кезіндегі тазалық санитарлық талаптарын сақтау мақсатында, құрбандық малдарын сату және сою арнайы белгіленген орындарда ғана жүргізілетіндігін хабарлайды.
Құрбандық малдарын сату және сою мына мекен-жайларда атқарылады:
Астана-Қарағанды тас жолы, «Гелиос» жанар-жағармай құю стансысы жанында (Железнодорожный ауылы бұрылысында, осы жерде құрбандық малдары сатылады және сойылады);
«Көктал 2» ықшамауданы, Сарыөзен көшесі 1, «Баян» кафесінің жаны (құрбандық малы сатылатын орын);
«Ақмола» қайырымдылық мекемесі, Өндіріс ауылы, Курск көшесі, 9 а (құрбандық малы сойылатын орын).
Астана қаласы аумағындағы мешіттер маңайында құрбандық малдары сатылмайды және сойылмайды.