Құрбан айт - рухани тазалықты, ізгілікті ұлықтайтын мереке

Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді жалпы мұсылман қауымының қасиетті мерекесі - Құрбан айтымен құттықтайды.
Бұл мереке - рухани тазалықты, ізгілікті, адалдық пен терең сенімді ұлықтайтын күн.
Құрбан айт - жақындарына қайырымдылық пен қамқорлық танытуға шақыратынын, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімге үндейтін, шын мәнінде, адамдар мен халықтарды біріктіретін мереке.
Бұл күн, әлемнің барша мұсылмандарының шынайы ой-ниетімен Жаратқанға алғысын білдіру арқылы, өз ниеттері мен міндеттерінің орындалуын айқындайды.
Құрбан айтты мерекелеу - құнын жоғалтпайтын құндылықтардың: парасаттылықтың, жан-дүние пәктігінің, жомарттықтың, бейбітшілік сүйгіштіктің, өз жақыныңа деген жанашырлық пен сүйіспеншіліктің белгісі.
Құрметті жерлестер! Құрбан айт мерекесі мүбәрак болсын! Қазақстанның әр отбасына бақыт пен шаттық, ауызбіршілік пен келісім, денсаулық пен береке тілейміз. Еліміз гүлденіп, ізгі тілектеріміз алдымыздан шықсын!