Құрбан айтқа арнайы демалыс күні берілмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрбан айтқа арнайы демалыс күні берілмейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынан мәлім болды.

Онда көрсетілген мәліметтерге қарағанда, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстандағы мерекелер жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

Егер демалыс және мереке күндері сәйкес келсе, демалыс күнінен кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып табылады.

Сонымен бірге, ҚР Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады. Биыл ол жексенбі - 11 тамызға келеді.

Алайда, Құрбан айт мемлекеттік және ұлттық мерекелер тізіміне енбейді және оған жоғарыдағы заң нормалары қолданылмайды. Яғни, егер жексенбі Құрбан айт күніне сәйкес келсе, одан кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып саналмайды.

Соңғы жаңалықтар
telegram