18:11, 01 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Құрбан айтта қазақстандықтар бір күн демалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл қасиетті Құрбан айт мейрамы 24 қыркүйек күні басталып, үш күнге жалғасады. Қазақстан Республикасының мереке және демалыс күндері туралы заңына сәйкес, мұсылмандар мейрамы - Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып бекітілген.

Egov.kz порталында хабарланғандай, биыл Құрбан айттың бірінші күні 24 қыркүйекке және аптаның бейсенбі күніне сай келеді. Сондықтан, бұл күн қазақстандықтар үшін демалыс.