Құрбысын пышақтап өлтірген келіншек 9 жылға сотталды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада құрбысын пышақтап өлтірген келіншек 9 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Оқиға былтыр желтоқсан айының соңына қарай түнгі үштер шамасында болған. Сотталушы Ж.Ақмамбетова күйеуімен екеуі - жанұясымен араласып жүрген достары, ерлі-зайыпты А.Бегалиева, Б.Оразалиевпен бірге, төртеуі ішімдік ішіп отырған.

Ішімдік ішу барысында сотталушы Ақмамбетова мен үй иесі Бегалиевамен сөзге келіп, араларында жанжал туындаған. Жанжал барысында Ж.Ақмамбетова А.Бегалиеваны асхана пышағымен кеудесінен жарақаттаған. Зардап шегуші сол жерде ауыр жарақаттан қайтыс болған.
Сотта айыпталушы кінәсін мойындамай «күйеуім пышақтады деп» жауаптылықтан босатуды сұраған.
Іс бойынша төрағалық етуші судья А.Сабыров істі жан-жақты қарап, куәлар мен жәбірленушілер және сарапшы мамандардың пікірлерін тыңдап, іс құжаттарын мұқият зерттеп айыптау үкімін жариялады.
Сот үкімімен сотталушы Ж.Ақмамбетова ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді. Сонымен қатар, сотталушы жәбірленушінің туыстарына 2 миллион моральдық зиян төлейтін болды.
Айта кететін жайт, қайтыс болған жәбірленушінің де, сотталушы келіншектің де әр қайсынында 2 кішкентай балалары бар.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар