Курчатов Абай облысындағы ең қауіпсіз қала деп танылды

КУРЧАТОВ. ҚазАқпарат – Абай облысының Курчатов қаласы ең қауіпсіз қала деп танылды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Курчатов Абай облысындағы ең қауіпсіз қала деп танылды

Семей ядролық полигонының орталығы болған шағын шаһардағы барлық тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға бейнекамера орнатылған. Бұл өз кезегінде қалада қылмыс санының азаюына ықпалын тигізген. 2022 жылдың 6 айында қылмыс 15 пайызға төмендеген.

Қазір қалада 200-ден астам бейкамера жұмыс істеп тұр, келесі жылы тағы 30-ын қою жоспарланған.

«Қаламыздағы 78 үйдің барлығына камера орнатылған. Барлығы – 215. Мектептер мен балабақшаларда камера қойылған», - дейді Курчатов қаласының әкімі Олег Чугунков.