Курчатов ғылым қаласы атана ма

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде Курчатов қаласын ғылыми орталыққа айналдыру мәселелері қаралды.

Курчатов: от секретного города до современного научного центра
Фото: Курчатов қаласының әкімдігі

— Бүгін Курчатов қаласына «ғылым қаласы» мәртебесін беру туралы тұжырымдама қаралды. 2 ай Курчатов қаласында көшпелі отырыс өтті, ол жерде Мәслихат депутаттарымен, Курчатов қаласының әкімімен кездесіп, ұлттық ядролық орталыққа бардық. Кездесу барысында біраз мәселе талқыланып, бірқатар ұсыныс пен ескерту айтылды. Ғылым қалашығы мәртебесін беру тұжырымдамасымен жұмыс барысында қаланың бірқатар проблемасы бары туындады, бүгін сол мәселелерді қарастырдық. Комитет отырысының қорытындысы бойынша біз Үкіметке ұсынымдар әзірлейміз, олар мәселелердің шешімін көрсетеді, — деді Сенат депутаты Андрей Лукин ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне арналған отырыс барысында.

Сондай-ақ сенатор Курчатовқа «ғылым қаласы» мәртебесін берудің маңызына тоқталды. 

— Ең алдымен, Курчатов қаласының ғылым қалашығының тұжырымдамасын әзірлеуде қарапайым мәселелерді шешуден бастау керек. Біз Курчатов қаласындағы ұлттық ядролық орталыққа бардық, қызметін тиімді жүзеге асырып жатыр. Бүгінде орталық Жапония, Ресей Федерациясы секілді шетелдік серіктестермен шарттар жасасты, олардан ғылымды дамыту мен әзірлемелерді дайындау бойынша сұраныс бар. Атап айтқанда, ядролық қауіпсіздік. Ұлттық ядролық орталығы былтыр қателеспесем, шамамен 3 немесе 4 миллион АҚШ долларды тапты, яғни келісімшарттық міндеттемелерін орындау ретінде алынды. Сондықтан, бүгінде Ұлттық ядролық орталықтың шығынсыз мекеме екенін, оның ғылыми жетістіктері мен әлеуетіне және инвестиция тарту мүмкіндігі бар екенін сенімді түрде айта аламын, — дейді ол.

Оның айтуынша, Ұлттық ядролық орталықта 1700-ге жуық адам жұмыс істейді. 

Еске сала кетсек, былтыр Kazinform тілшісі қаланың қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып, атом электр станциясы салынатын болса оны қандай өзгерістер күтетінін саралап көрген еді. 

Соңғы жаңалықтар