Курчатов қаласы мен Абай ауданының әкімдері сайланады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында Курчатов қаласы мен Абай ауданы әкімдерінің сайлауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Абай облысы мәслихатының кезектен тыс жетінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат депутаттары мен мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.


«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылу салтанатында биыл елімізде алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтетінін мәлімдеген болатын. Аталған 45 өңірдің екеуі Абай облысына тиесілі. Абай облысы мәслихатының шешімімен пилоттық өңірлер болып табылатын Курчатов қаласы мен Абай ауданы әкімдерінің сайлауы 5 қараша күні өтеді деп бекітілді», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Бұл сайлау Қазақстан тарихындағы жергілікті аудан, қала әкімдерінің сайлауын өткізудегі алғашқы тәжірибе болмақ.

Айта кетейік, бүгінде елімізде ауыл әкімдерінің 64 пайызы жергілікті жұрттың тікелей сайлауымен қызметке келген.



Соңғы жаңалықтар